CaspianLife, 2 наурыз — 67 оқушы республикалық олимпиадға жолдама алды, деп хабарлайды CaspianLife.
Атырауда 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. 6 күнге созылған олимпиадаға 674 оқушы қатысып, нәтижесінде 255 оқушы жүлделі орын алды. Оның ішінде 67-сі республикалық олимпиадаға қатысатын болды.
«Олимпиада жақсы өтті. Тек кей жерлері қиындықтар туындады. Бірақ меніңше олардың бәріне көз жұмуға болады. Себебі ұйымдастырушылардың тиянақты жұмысы бізге өте керемет мүмкіндік берді. 11 сынып болғасын негізі қазір әртүрлі жұмыстарға ие болып жатырқ. Мысалға ентға дайындалу, универге дайыналу. Соған орай кішкене өзімнің жасайтын жұмыстарым олимпиададан былай қарай ығысты. Бірақ 1 орын алғанға қуанышты болып қалдым» — деді оқушы Аманбай Сұлтан.
«Олимпиада маған аудандық кезеңі ұнаған жоқ. Себебі бізге келген тақырып оқу программасы бойынша келген жоқ. М.Әуезов шығармашылығындағы әйел тағдыры және ботагоөз романы туралы келді. Оқу программасында бізде ондай жоқ, 9-сыныпта. Бұл менің ұстазымның айтуы бойынша ескі программа боайынша 11-сыныптың программасы. Сондықтан мен еркін тақырыпта жазып болсын, осы аудандық кезеңнен өтіп, облыстыққа келіп, облыстықта жақсы ұпай жинап міне қазір осындамын» — деді оқушы Дана Жалғасбай.
Облыстық білім беру ұйымдары арасында командалық есепте 1-орынды – «Білім-Инновация» лицей-интернаты, 2-орынды –дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия, 3-орынды дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей интернаты алды. Ал қалалық, аудандық білім бөлімдері бойынша 1-орынды Атырау қаласының, 2 орын Жылыойдың, 3 орынды Құрманғазы ауданының оқушылары иеленді.
«Жалпы облыста 200 мектеп болатын болса, соның 141 228 баланың осы 3 кезеңге 670-ке жуық бала 15 пәннен олимпиадаға қатысып отыр. Бүгінгі көрсеткіште енді2 ші, 3-ші орындар алған балалар марапатталып жатыр. Және бүгінгі лдимпиаданың ерекшелігі облыстағы 2 жоғарғы оқу орындарының грнаттарына ие болды» — деді Атырау облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Дина Стамғали.
Іс-шара соңында орын алған оқушылар диплом мен сыйлыққ ие болды. 125 оқушыға алғыс хат берілді.