CaspianLife, 31 қаңтар — Атырау қаласының аумағында түтін иісінің шығуына байланысты, өрт ошақтарын анықтау мақсатында, әуеден барлау жұмыстарын жүргізу үшін «Казавиақұтқару» АҚ МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері аэровизуалды зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Барлау жұмысы барысында қаладан 70 шақырым жерде 3 жану ошағы анықталды.