CaspianLife, 23 қаңтар — «Сұйытылған газ паркін сақтау» ЖШС заңсыз жолмен тапқан 2 млрд теңгеден астам ақшаны мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды CaspianLife.
Компания бірнеше жыл бойы АМӨЗ-нан сатып алған сұйытылған газдың бір тоннасының бағасын 19 мың теңгеге дейін көтерген. Және мекеме басшылары сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және құю секілді қызметтерді жоғары бағамен сатыпты. Қазіргі уақытта автогаз бағасы литріне 19 теңгеден 7 теңгеге дейін түсірілді. Яғни, сұйытылған отынның бір тоннасы 60 пайызға арзандатылды.
«Автогаздың бағасы төмендетілді. Біздің облыстағы көліктердің 30 пайызға жуығы сұйытылған отынмен жүреді. Сондықтан, жүргізушілер үшін жанар-жағармайдың дәл осы түрінің бағасының арзан болуы маңызды екені сөзсіз» — деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АОД басшысы Айгүл Нәбиева.