CaspianLife, 6 қаңтар — Атырауда нан бағасының өсуіне оның құрамындағы қоспалардың қымбатсуы себеп. Яғни өсімдік майы, қант, ашытқы, жұмыртқаның бағасы көтерілген. Логистикалық шығындар да көбейіпті. Сондай-ақ, алдағы уақытта нан бағасының тағы да көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Caspian Life.
Мұны қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміндегілер айтып отыр. Себебі елде ғана емес, әлемде ұн бағасы айтарлықтай өскен. Соған сәйкес, министрліктен Атырау өңіріне бөлінетін бидайдың құны да былтырғыға қарағанда қымбатырақ болмақ.
Қазіргі кезде қалада 450 тоннадай ұн бар, бұл қор тек ақпан айына дейін жетеді. Жергілікті әкімдік министрліктен 20 мың тоннадай бидай сұратып отыр.