CaspianLife, 17 қараша — Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен «Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы болып Асылхан Төлеген тағайындалды.
Асылхан Төлеген 1999 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2018 жылы Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжін кеңесші заңгер мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
2018-2021 жылдар аралығында Атырау қалалық сотында әртүрлі қызметтерде жұмыс жасаған. 2021-2022 жылдары «Zan solutions» ЖШС-де заңгер, 2022 жылдың шілде айынан күні бүгінге дейін «Төлеген и партнеры» ЖК-нің құрылтайшысы, бірінші басшы қызметін атқарған.