CaspianLife, 28 қазан — Атырау қаласының әкімдігі жәрмеңке өтетінін хабарлады.
«2022 жылдың 29 және 30 қазан күндері сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Сарайшық» коммуналдық базарында Атырау қаласының тауар өндірушілерімен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен ЖӘРМЕҢКЕ ұйымдастырылатынын хабарлаймыз», — делінген қала әкімдігінің әлеуметтік желісінде.
Жәрмеңке Мәден көшесі 1а мекенжайында орналасқан «Сарайшық» коммуналдық базарында өтеді.