CaspianLife, 17 қазан — Биыл Атырау облысында балықшылардан 10 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері 1988 құқық бұзушылық фактісін анықтап, 1000-нан астам адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырған.
Балықты заңсыз аулайтындар ау-торларын жүрген жерлеріне жиі тастап кетеді дейді инспекторлар. Мәселен, биыл су айдындарын сүзу нәтижесінде 3 мыңнан астам ау мен ілмек табылған.
Бұдан бөлек, рейд нәтижесінде заң бұзушыларға 24 миллион теңге шамасында айыппұл салынып, 23 адамға қатысты іс құқық қорғау органдарына жолданды. Бірақ, бұған қарамастан заңсыз балық аулау фактісі азаймай тұр.