CaspianLife, 17 қазан — Жылыту маусымы әлдеқашан басталғанмен қаланың кей жерінде әлі жылу жоқ. Бұған себеп ПИК-ң баяу қозғалуы көрінеді. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады.
«ПИК-ң (Пәтер иелерінің кооперативі) адамдары бізге қарағанда үйдің жағдайын жақсы біледі. Яғни қай жерде жөндеу жұмыстары жасалып жатыр, қай жерде батареяда ақау бар деген сияқты. Сол себепті біз олардан өтініш күтеміз. Бірақ олардың көпшілігі бүгінгі күнді белгіледі. Енді біз ертеңнен қалмай барлық үйге жылу беріп боламыз деп отырмыз», — деді «АЖЖ» АҚ вице-президенті Әлібек Темірғалиев.
Қалада орталық жылу жүйесіне қосылуы қажет 1019 көпқабатты тұрғын үй бар. Қазір тек оның 160 шақтысы ғана қалыпты. Мамандар бүгін-ертеңнен қалдырмай, жұмысты аяқтаймыз деп отыр.