CaspianLife, 30 қыркүйек — Атырауда қала күніне орай өтетін марафонға байланысты кей жолдар жабылады деп хабарлайды шаһар әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір жолдарда көлік қозғалысы тоқтайды. Атап айтсақ, орталық көпірден бастап Қ.Сәтпаев көшесі мен одан әрі Әбілқайыр хан даңғылына жалғасып, Сұлтан Бейбарыс даңғылының қиылысына дейінгі аралықтардағы қозғалыс уақытша шектеледі.
«Тұрғындар мен қонақтардан жол қозғалысының шектелуіне орай өз жоспарларын алдын ала жасауды сұраймыз», — делінген әкімдік таратқан хабарламада.
2 қазан күні сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін 5, 10, 21, 42 шақырымдық марафон өтпек. Биыл бесінші рет ұйымдастырып отырған шараға 1000-нан астам қатысушы тіркелді.