CaspianLife, 19 қыркүйек — Атыраулық ардагерлер республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды деп мәлімдеді Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова.
Батыс Қазақстанда 16-18 қыркүйек аралығында өткен республикалық додаға еліміздің барлық облысынан жасы елуден асқан 400-ден астам спортшы қатысты. Атырау облысының намысын қорғауға 31 спортшы аттанды.
Спартакиаданың нәтижесі бойынша атыраулықтар үстел теннисінен жүзден жүйрік шықса, қазақ күресінен 4-нші орынға жайғасты. Волейболдан 6-ншы орын алса, шахматтан 7-нші орынға тұрақтады. Ал, жалпы командалық есепте облыс спортшыалыр екінші орынға көтерілді.