CaspianLife, 16 қыркүйек — Атырауда бір күнде тұрмыстық жанжалға байланысты 30-ға жуық шақырту түсті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
102 пультіне келген қоңыраудың 20-сы түнгі уақытта түскен. Хабарласқандардың көбі тәртіп сақшысын жанжалды тынышталдыруға ғана шақыратын көрінеді. Статистика бойынша, мұндай жағдайлардың 80%-да әйелдер абьюзер күйеулеріне кешірім береді.
Жыл басынан бері Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 26 әйел мен 52 бала дағдарыс орталығына орналастырылды.
Қалалық полиция басқармасының өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда 102 немесе 98-35-32 Сенім телефонына хабарласу қажеттігін ескертеді.
Кезекші бөлім: 102, 98-12-05
Сенім телефоны: 98-35-32
Ұялы:8 702 235 19 98