CaspianLife, 13 қыркүйек — Қызылқоға ауданындағы 42 шағын кәсіп өкілдері жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар аясында 464,56 млн теңгеге несие алды деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау филиалы арқылы «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалығына 126,03 миллион теңге, «Бастау-Қызылқоға НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 5 шаруа қожалығына 72,38 миллион теңге, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 20,3 миллион теңге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалы арқылы 9 шаруа қожалығына 111,36 миллион теңге несие беріліп отыр.
Одан бөлек, мал басын асылдандыру бойынша Қызылқоғаның 49 шаруа қожалығына 56 млн 675 мың теңгесі субсидияланған 34 бас асыл тұқымды бұқа, 98 бас сиыр, 25 бас қошқар сатып алынды.
Мал басын өсіру бағытында 11 шаруа қожалығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен жеке кәсіпкер үлес қосып келеді.