CaspianLife, 5 қыркүйек — Атырауға оңтүстіккореялық автошерушілер келді деп хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Олар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орай екі ел арасындағы достық пен бейбітшілікті насихаттау үшін Қазақстанға келген. Автошерушілер Атырауға дейін Ресей, Испания, Түркия, Грузия елдерінде болып, 32 мың шақырым жол жүріпті.
«Автошеруді осыдан төрт ай бұрын бастадық. Корей елінен 7 көлікпен шықтық. Мақсатымыз – 41 000 шақырым жүріп өтіп, елдерді тамашалау. Бүгін Бейнеуге жетіп, кейін Алматы сыңды қалаларды жүріп өтпекпіз. Сосын Өзбекстанға бару жоспарда бар. Қазақстан халқы бізді жылы қарсы алды», — деді автошеру көшбасшысының орынбасары Пак Чжун Гон.