CaspianLife, 22 тамыз — Атырауда биыл наурыз айында болған атыс бойынша күдіктінің алдын ала сот отырысы өтті.
Алдын ала сот процессі барысында барлық сотқа қатысушыларға құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Басты сот отырысы қыркүйектің 3-іне белгіленді.
Айта кетейік, наурыздың 16-сы күні 29 жастағы күдікті Авангард ықшам ауданында 4 адамға оқ атқан еді. Оның үшеуі оқиға орнында жан тапсырды. Ал, төртіншісі ауыр халде облыстық ауруханаға жеткізілді. Атысқа отбасылық жанжал себеп болған.