CaspianLife, 10 шілде – Атырау облысында биыл 7 айда 159 техногендік өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өткен жылмен салыстырғанда 13,5%-ға азайған. Ал, зардап шеккендер 11 адам, оның көрсеткіші 8,3%-ға төмендеген. Өкінішке қарай, 2 адам қаза тапты.
Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, өрттің және төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында 26 440 жеке тұрғын үйлер араланып, 78 897 тұрғындарға өрт қауіпсіздігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 79 289 дана жадынамалары таратылған.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.