CaspianLife, 2 тамыз – Атырауда суға түсуге рұқсат етілмеген жерде суға шомылған жігіт батып кетті. Бұл тураалы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Болған оқиға туралы бүгін сағат 15:05 шамасында байланыс бекетіне хабар түсті. 26 жастағы жігіт Махамбет ауданы, Таңдай селосындағы Бақсай каналының рұқсат етілмеген жерінде суға шомылған.
Кешкі сағат 19:10 шамасында жергілікті тұрғындардың көмегімен жігіттің денесі судан шығарылды.
Облыстық ТЖД түсуге рұқсат етілмеген жерден аулақ болып, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады!