CaspianLife, 5 шілде — Бүгін Атырау-Доссор трассасынан Томарлы ауылына дейінгі аралықтағы 2 шақырым жолды қалпына келтіру басталады. Жөндеу жұмыстары барысында жолды екі жолақтыдан төрт жолақтыға дейін кеңейту жоспарлануда.
Мамандар асфальт қабатының толықтай ауыстырылып, бар жұмыстың кезең-кезеңімен жүргізілетінін айтады. Жоба аясында жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер, 15 автобус аялдамасы мен жарық бағандары орнатылмақ. Сондықтан кейбір қоғамдық көліктердің жүру бағыты уақытша өзгереді.
«Тұрғындар және жол көлік жүргізушілер үшін арнайы айналма жол қарастырылған. Ол Атырау әкімшілік сайтында көрсетілген», — дейді Атырау қалалық ТҮКШ бөлімі секторының бас маманы Ержан Хайноллаев.
Сонымен қатар алдағы күндері Сырым Датов көшесінің 4,6 шақырымына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.