CaspianLife, 5 шілде — Атырау облысы аумағында көші-қон заңнамасын бұзғаны 1486 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 900 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылып, 25 шетелдік елден шығарылды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады.
Аймақта заңсыз көші-қон деректерінің алдын алу мен жолын кесу үшін «Заңсыз келуші – 2022» іс-шарасы өткен болатын. Іс-шара өткізу барысында Қазақстан Республикасының 587 азаматына қатысты ҚР-ның Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны және шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Айта кетейік, атыраулық полиция қызметкерлері құрылыс нысандарында Өзбекстан Республикасының 117 азаматын құжаттарсыз заңсыз жүзеге асырғанын анықтады, қазіргі уақытта шетелдік азаматтарды қабылдау-тарату орнына орналастырды.