CaspianLife, 1 шілде – 1 шілдеден бастап Ақтау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс уақыты өзгереді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалындағы PR менеджері Жадыра Шалабаева хабарлады.
«1 шілдеден бастап ХҚКО мереке күндерін есепке алмағанда, сенбі күні де 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейін болады. Жұмыс күндерінің уақыты өзгеріссіз 9:00-дан 20:00-ге дейін болып қалады. Сондай-ақ, облыстың басқа аймақтарындағы орталықтар бұрынғыша 5 күн қызмет көрсететін болады», — деді Шалабаева.
PR менеджердің айтуынша, орталықтың жұмыс уақытының ұзаруы жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Айта кетейік, маңғыстаулықтар ХҚКО қосымшасы, Бірыңғай байланыс орталығы (1414), eGov порталындағы EgovKzBot2.0 телеграмма боты, Egov мобильді қосымшасы арқылы кезекке тұра алады.
Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 15 мөлтек ауданы, 67Б корпусы.