CaspianLife, 23 мамыр — Жергілікті ТЖ басқармасы қала тұрғындарына елді мекендер мен ұйымдар аумағында қоқыс өртеуге болмайтынын ескертті. Сондай-ақ, ауаны қорғау мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға 61 260 тг, лауазымды адамдарға 153 150 тг, шағын кәсіпкерлікке 918 000 тг, ал үлкен кәсіпкерлікке 1 521 500 тг көлемінде айыппұл салынатынын алға тартты.
«Жыл басынан бері Ақтау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қоқыс өртеген бес адамды жалпы сомасы 153 150 теңгеге жауапкершілікке тартты», — деді бөлім қызметкері Есен Борашев.