CaspianLife, 20 мамыр — Синоптиктер Маңғыстауда қатты жел тұрып, жауын болатынын ескерткен еді. Бейнеу ауылында табиғи құбылыс салдарынан қоршаулар опырылуда. ТЖД қызметкерлері тұрғындардан сақтық шараларын сақтауын сұрады.
-Жаңбыр жауғанда жол тайғақ болады. Көлік терезелері де суланып қалатындықтан, жаяу жүргіншілері сақ болуы керек. Жүргізушілерден жыламдықты азайтып, арақашықтықты сақтауларыңызды сұраймыз. Балкондар мен лоджиядағы жеңіл және көлемді заттарды үйге кіргізіңіздер. Сондай-ақ, автокөліктерді ағаштардан алыс жерге қойыңыздар, — деп ескертті ТЖД.