CaspianLife, 10 мамыр — Атырау облысында 1991 жылғы азамат 9 мамырда мал жаюға кетіп, қайтып оралмаған. Оны іздестіруге «Қазавиаспас» тікұшағы пайдаланылды. Төтенше жағдайлар департаменті Жылыой ауданында іздеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
10 мамырда сағат 11.15-тен бастап Құлсары қаласынан 150 шақырым радиуста Жылыой ауданында ТЖМ «Қазавиапас» АҚ-ның Ми-8МТВ UPMI844 тікұшағы іздестіру жұмыстарына тартылды», — деп мәлімдеді ведомства.
Іздестіру жұмыстарына құтқарушылардан бөлек полицейлер, жоғалған адамның туыстары мен іздеу иті де жұмылдырылған.