CaspianLife, 4 мамыр — Атырауда 98 миллион теңге иемденгені үшін сотталған азаматшаның басқа да алаяқтық әрекеттері анықталды. Бұл туралы жергілікті полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
Атыраулық азаматша 4 жәбірленушіге қала аумағынан пәтер алып беремін деп, олардан алған 98 миллион теңгені қалтасына басқан. Көп ұзамай әйелдің қылмыстық әрекеті әшкере болып, оған қатысты 12 сәуір күні сот үкімімен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Аталған азаматшаның бұрын да пәтер алып беруге мүмкіншілігі болмауына қарамастан тағы 6 адамға қала аумағынан пәтер алып беремін деп алдап, ақша қаражаттарын иемденіп алғаны анықталды. Келтірілген шығын 25 700 000 теңгені құрайды. Қазіргі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.