CaspianLife, 27 сәуір — Атырауда 35 жастағы ер адам брондалған барлау-шолғыншы машинасын (БРДМ-2) заңсыз сатпақ болған. Полиция департаментіне түскен жедел ақпаратты тексеру нәтижесінде әскери көлік 1986 жылғы азаматқа тиесілі екені анықталды.
Қазіргі уақытта көлік тәркіленіп, сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Ал күдіктіге тұрғылықты жерден кетуге шектеу қойылды.