CaspianLife, 30 наурыз — Егер 2021 жылы 2 жағдай тіркелсе, биыл олардың саны 9-ға жетіп отыр.
Дәрігерлер бұған пандемия кезінде ата-аналардың БЦЖ ревакцинациясынан жаппай бас тартуы себеп болды дейді. Маңғыстаулық эпидемиологтардың сөзінше, 2020 және 2021 жылдары Диаскинтест пен Манту сынамасын өткізу кампаниясы дұрыс жүргізілмеген. Пандемияға дейін бұл жоспар 95 пайызға орындалатын, ал соңғы екі жылдағы статистикаға қарасақ, балалардың тек 72 пайызы туберкулезге қарсы екпе алған дейді олар.
Дәрігерлерге сенсек, КОХ таяқшасын жұқтырған балалардың арасында ауруы дендеп кеткендер жоқ. Қазір кішкентай пациенттер облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде ем алып жатыр. Емдеудің жаңа стандарттарына сәйкес ата-ананың таңдауы, дәрігердің ұсынысы ескеріліп, балалар амбулаторлы түрде де емделе алады. Ал аурудан жазылып шығу мерзімі – 6-8 ай аралығы.
иллюстративті фото