CaspianLife, 30 наурыз — Өйткені жалаудың салмағы тиісті нормадан бірнеше есе көп. Мұндай мәліметті облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлан Мүтәлиев сессия отырысында айтты.
Ол үп еткен желге бола тудың неге орнынан жиі алынатындығын білмек болып, жоба авторларымен де сөйлесіпті.
Жобаның авторын тауып, сөйлескенде эскизін жіберген. Сол жобаны қарағанда тутұғырда тудың көлемі 7*15 метр болу керек. Ал қазір ілінген ту 15*30. 4 есе салмағы үлкен, 4 есе көлемі үлкен туды ілген, — деді депутат.
Жиынға қатысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұл мәселеге қатысты жұмыс тобын құру керектігін айтты.