CaspianLife, 14 наурыз — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы мен астанадағы» Қазақтелеком» кеңселерінде тінту жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Олжас Бектенов айтты.
Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Бектенов «Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев қылмыстық іс бойынша тек куәгер ретінде өтіп жатқанын атап өтті.
«Әрине, тергеу жүріп жатқандықтан, тінту шараларын, соның ішінде «Қазақтелекомда» жүргізу қажет. Олар Алматыда да, астанада да өткізіледі. Қуанышбек Есекеев — қазіргі басшы әзірге іс бойынша бізде өтпейді. Куәгер ретінде жауап алынды», — деді Бектенов.
Еске салайық, кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.