CaspianLife, 4 наурыз — Атырау қаласындағы № 1 ХҚО-да ерекше қажеттіліктері бар адамдар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын цифрлық қызметтер бұрышы ашылды. Цифрлық бұрыш есту және сөйлеу қабілеті нашар клиенттер үшін толығымен бейімделген компьютерден тұрады. Ол құлаққаппен және арнайы пернетақтамен жабдықталған. Арнайы бағдарлама барлық қажетті ақпаратты құлаққап арқылы хабарлап тұрады.
Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін цифрлық бұрыш ашу идеясын Атырау ХҚО қызметкерлері Айбек Идаятов пен Айнұр Мұстажапова ұсынды.
«Біз барлық клиент үшін қолайлы жағдай жасаймыз, біздің филиалда ерекше қажеттілігі бар 25 адам еңбек етеді. Олардың ішінде Айнұр Мұстажаповамен бірге Айбек Идаятов та бар. Біз олардың бастамасын қолдап, цифрлық қызмет бұрышын аштық», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау филиалының директоры Мұса Хайруллиев.
Идея авторының бірі Айбек Идаятов ұсынысты қолдаған басшылыққа алғысын жеткізіп, бастама барлық жерде қолдау табатынына сенім білдірді.