CaspianLife, 3 наурыз — Маңғыстау облыстық ПД баспасөзі Түпқараған ауданында көлік құралын басқарған 13 жастағы жүргізуші ұсталғанын хабарлады. Рейдтік іс-шара кезінде «Toyota Alphard» автокөлігі тоқтатылып, баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бап бойынша 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ, Атамекен ауылында өзбек азаматы көлікті «орташа» мас күйінде басқарған. Оны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша жасалған әкімшілік хаттама негізінде 15 тәулікке қамауға алды. Оған қоса, ер азаматтың ҚР аумағында көші-қон заңнамасын бұзып жүргені анықталды. Кейін тәртіп бұзушы Қазақстан аумағынан шығарылады.