CaspianLife, 2 наурыз — Президент тапсырмасынан кейін бұл мәселеге қатысты тексеру басталған еді. Майнинг фермалары әртүрлі жолмен анықталады. Бастысы – энергиямен жабдықтау және энергияны тарату мекемелері ұсынған есепті салыстыру.
«Атырау облысында тіркелген екі майнинг фермасы жұмыс істейді. Олар «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-ның қуатына қосылған. Энергия тұтыну қағидасына сәйкес майнинг фермаларының әрқайсысына 10 мегаваттан аспайтын лимит белгіленген. Қазір криптовалютаны өндіру тоқтатылды. Өйткені, тексеру кезінде майнинг фермалары электр энергиясынан ажыратылды», — дейді «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ президенті Мақсот Әленов.