CaspianLife, 28 ақпан — Алкогольді мас күйдегі ер адам ғарыш кемесі ішінде шу шығарып, полиция қызметкерінің денесіне зақым келтірген деп хабарлайды ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік полицейлері құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш көрсету факті бойынша 25 жасар Көкшетау қаласының тұрғынына қатысты сот алды тергеу жұмыстарын жүргізуде. Мас күйдегі жолаушы Атырау-Нұр-Сұлтан рейсінің бортында шу шығарып, басқа жолаушылардың мазасын алып, тиіскен.
«Құқық бұзушы полицейлердің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, оларға күш көрсетіп, біреуінің формасын жыртып, дене жарақатын келтірген, — деді көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.
Аталмыш факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі жүйесінде ҚР ҚК 380 бабының 1 тармағы (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелген. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандардың 3000 АЕК дейін айыппұл төлеуі, не сол мөлшерде түзету жұмыстарына жіберілуі, 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс жасауға міндеттелуі, 3 жылға дейін бас бостандығының шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.