CaspianLife, 23 ақпан — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 22 ақпан кешімен салыстырғанда 3,23 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 437, 35 теңге болды. Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 433, 39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,08 теңгеден сатылса, сатып алу – 438,89 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436,77 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны — 438, 48 теңге.
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың ушығуына байланысты Ресей валютасы күрт арзандады. Бұл жағдай теңгеге де қысым көрсетті.
Ресейдің ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін тануы туралы жаңалығынан кейін биткоин екі апта ішінде 36 350 долларға төмендеді.
Сарапшылар мен трейдерлердің айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың ушығуы әлемдік азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі. Себебі, импорттаушылар екі ірі экспорттаушының қақтығысына байланысты балама жеткізілім іздеуге мәжбүр болады.