CaspianLife, 22 ақпан — Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік апаты кеше, 21 ақпанда тіркелген.
«Сағат 14:50 шамасында «Атырау-Орал» тас жолының 35-шақырымында екі көлік соқтығысты. Ресей Федерациясында тіркелген «ВАЗ-11183» автокөлігін басқарған 33 жастағы жүргізуші жолдағы арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан «DAF FT XF 105» жүк көлігіне соқтығысқан. Жүк көлігі Өзбекстан Республикасында тіркелген. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ал, 2021 жылғы бала ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.