CaspianLife, 16 ақпан — Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, күдікке ілінген ер адам синтетикалық есірткіні жалдамалы пәтерде сақтап келген.
«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бірлесіп өткізген іс-шара кезінде тыйым салынған синтетикалық есірткіні сақтаған күдікті ұсталды. Күдіктінің өзі тұрған жалдамалы пәтерден есірткі заттары табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары 907,12 грамм марихуана, 51,12 грамм гашиш екені дәлелденді», -дейді Нұрхат Оразбаев.
Қазір құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтағаны үшін 1976 жылғы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.