CaspianLife, 7 ақпан — Атырау облыстық балалар ауруханасында 2020 жылы — 36, 2021 жылы 48 бала көз жұмған.
Қанат Жұмаділов қаңтардың 3-і күні 2 жасар қызы Айшаны оң аяғындағы 6 пайыз күйікпен ауруханаға әкеліпті. Жарақат бөліміне түскен бөбектің көңіл-күйі алғашқыда жақсы болған. Алайда 3 күннен соң оны «пневмония» деген диагнозбен жан сақтау бөліміне алып кетіпті. Кейін дәрігерлер диагнозды сан түрлі өзгерткен көрінеді. «Күйікпен барған баламды ақыр соңында «миға қан құйылған» деген диагнозбен қайтыс болды деп хабарлады — дейді қан жұтқан әке.
Қызыма 1 күнде 8 системадан салып жатқан. Менің қызым бұлардың системаларын, дәрі дәрмектерін көтере алмай анафилактический шоққа түсіп, бұл кісілер сол анафилактический шок пен пневмония бөліміне апарып, қайта қайта ұйықтата беретін дәрілерін салған. Менің қызым өлетін қыз емес еді. Осы кісілердің кесірінен осындай жағдайға түсті. Менің қызымның көретін ұсқыны жоқ. Бас деген мынадай, денесінің бәрі көкпеңбек, — дейді Қанат Жұмаділов.
Ал 1 жарым жасар Ділдәнің туыстары, ауруханалар бір-біріне сілтеп, дер кезінде көмек бермеді деп өкініштен өзектері өртенеді. Алдымен өздері бекітілген жеке клиниканың жедел жәрдемін шақырғанмен ол уақытында келмеген. Балалар ауруханасына барса, дәрігерлер демікпемен барған балаға «ларингит» деген диагноз қойып, тамағын шайыңдар,- деген кеңес беріп, үйге қайтарыпты. Кейін жағдайы нашарлағанда ғана бір-ақ қабылдаған. Ем дұрыс болмай, қос бауыры істен шықты,- деп зар еңірейді Ділдәның апасы.
8 шыққан біздер госпитализация 12 жарымда жатқыздық. Бұл масқара емес пе? Тез істеудің орнына бұлардың істеп отырғаны мынау. Келсек, Ержан Өміржанович бір түннің ішінде екі почкасы жұмыс жасамайды. Дәреті жүрмеді. Ержан не істедің. Не затты көп құйып жібердің соншама?-дедім. Врачтар ұйықтап қалған, бала қараусыз қалған, — деді Атырау қаласының тұрғыны Дәрігүл Бахтиярова.
Бауыр еті балаларынан айырылғанына сене алмай жүрген ата-аналар бүгін ауруханаға келді. Олар ақ халаттылардың салғырттығы мен медицинадағы маман жетіспеушілігі перзенттеріміздің түбіне жетті ,- дейді. Алайда аурухана басшылығы науқастарға тиісті ем жасалып, қолдан келгенше көмек көрсетілді дейді.
Комиссия құрылды. Алдын-ала талдау жасалды. Онда бір жағдай бойынша Интертейч киникасының қызметкерлері тарапынан кемшіліктер жіберілгені байқалды. Келесі жағдайда аумбулаториялық деңгейде бақылаудың жетіспеушілігі көрінді. Бәрі де комиссия қорытындысынан соң белгілі болады, — деп жауап берді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Сәдуова.
Ата-аналар құқық қорғау органдарына да шағымданған. Жарық дүниенің қызығын көрмей жатып, көз жұмған сәбиіміздің өліміне кінәлілер қатаң жазалансын,-дейді.