CaspianLife, 2 ақпан — Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысында сумен жабдықтау қызметтері бағасының негізсіз өсіруді тоқтатып, тарифті төмендетті.
Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұрғындарын толғандыратын өткір әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. ҚМА тұтынушылардың мүдделерін қорғау шараларын қолданып бағаны негізсіз көтеруге қарсы әрекет етуде.
ҚМА Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті монополисттің тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін магистральдық құбырлар арқылы сумен қамтамасыз ету тарифін асыра бағалау фактісін анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 221-бабының 1-бөлігі (монополиялық қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен бірге, тұтынушыларға келтірілген залалды өтеу мақсатында 2022 жылдың соңына дейін Атырау облысының тұрғындары үшін аталған коммуналдық қызметтерге жеңілдетілген өтемдік тариф енгізілді.
Тергеу мүддесін сақтау үшін өзге ақпарат жария етілмейді.