CaspianLife, 26 қаңтар — Қатаң карантиндік талаптарға қарамастан, Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны азаймай тұр.
Өткен тәулікте Атырау қаласы мен Теңіз кен орнында, сондай-ақ, 6 ауданда қауіпті вирусқа шалдыққан науқастар тіркелген. Қазір өңірдегі 5 914 адам үйінде емделіп жатыр.
«Ал, 2 360 инфекциялық стационарларда ем қабылдау үшін 564 (жүктеме – 23,9%) науқас оқшауланған. Өңірдегі инфекциялық стационарлардың 106 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жатқан 20 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде өкпені жасанды желдету аппаратына 4 пациент қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 18,9%», — деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.