CaspianLife, 25 қаңтар — Атырау қаласында кәмелетке толмағандарды кешкі және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және үй-жайдан тыс болмауын қадағалау мақсатында 2022 жылдың қаңтар айының 20-29 күндері аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел іс-шара кезінде ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері профилактикалық және тізімдік есепке алынған жасөспірімдердің, жастардың жиналу орындары, жертөлелер тексерілуде.
Мәселен, іс-шара басталғалы төрт күн ішінде яғни, 20-21 қаңтар күндері аралығында тәртіп сақшылары түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүрген 30 жасөспірімді анықтап, олардың ата-аналарын ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлімімен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Одан басқа, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамаған 6 ата-ана анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Мысалы, 21 қаңтар күні сағат 19:36 шамасында Полиция басқармасының 102 арнасына СМП 163 көшесінде орналасқан қонақ үйлердің бірінің маңында белгісіз ер адамның 4 жастағы қыз баланы бірге алып бара жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.
Аталған хабарламаға дереу жеткен полицейлер бүлдіршінді белгісіз бағытқа алып бара жатқан 34 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Ол баланың өзімен бірге уақытша тұрып жатырған 37 жастағы азаматшаның қызы екендігін айтқан.
Аталған азаматты медициналық сараптамадан өткізу барысында оның жеңіл дәрежелі мас күйде екендігі анықталып, жасөспірім Атырау қалалық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды.
Ал жасөспірім қызын уақытша бірге тұратын азаматқа беріп жіберген 37 жастағы анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар, аталған жағдай бойынша жасөспірімнің анасына қатысты іс-құжаттар Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясына жолдау үшін жинақталуда.
«Жасөспірім» жедел іс-шарасы 29 қаңтарға дейін жалғасады.