CaspianLife, 19 қаңтар — Атырау облысында жыл басынан бері мас күйде көлік жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылған.
Автокөлікті мас күйде басқарған мас жүргізуші қылмыскермен тең. Патрульдік полиция қызметкерлері биылғы 1-18 қаңтар аралығында мас күйде көлік жүргізген 30-ға жуық жүргізушіні ұстады. Мәселен, 4 қаңтарда сағат 03:20 шамасында Атырау қаласына жақын орналасқан Томарлы ауылында «Nissan Teana» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде 1995 жылғы жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде көлік басқарғаны анықталды. Ал, 11 қаңтарда түнгі сағат 00:40 шамасында шаһардағы «Вокзал маңы» шағын ауданынан тоқталыған «ВАЗ – 21144» автокөлігін жүргізген 32 жастағы жүргізушіден ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екені дәлелденді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Көліктің рульіне мас күйде отырған екі жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабының 1-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылған. Сот шешімімен екі жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.,