CaspianLife, 18 қаңтар — Атырау облысында қауіпті вирусты жұқтырғандар саны тағы да 538 науқасқа көбейіп отыр.
Өткен тәулікте – 17 қаңтарда Атырау қаласында 322 адамның Covid-19 инфекциясына шалдыққаны расталды. Теңіз кен орнында 101 науқас анықталды. Ал, Жылыой ауданында 39, Индерде – 20, Қызылқоғада – 18, Құрманғазыда – 13, Исатайда – 11, Мақатта – 10, ауданында, Махамбет ауданында 4 науқас тіркелді. Науқастардың арасында 294 адамда коронавирус инфекциясының симптомды белгісі бар, -деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Қазір 2 468 адам үй жағдайында емделу үшін оқшауланған. Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 456, модульдік ауруханада – 170, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 45, ал, №2 облыстық ауруханада – 39, фтизиопульманологиялық орталықта 20 науқас хаттамаға сәйкес ем-дом қабылдап жатыр.