CaspianLife, 13 қаңтар — Елордалық монополияға қарсы департамент қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының кеңсесіне тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын сататын ірі алты компанияға қатысты тергеуді бастады. «Қазмұнайгаз» АҚ, «Петросун» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГПЗ» ЖШС компаниялары ТМД аумағында көтерме саудада шикізат бағасын шектен тыс асырды деген күдікпен тексерілмек.