CaspianLife, 28 желтоқсан — 21 желтоқсан күні Атырау қаласы Полиция басқармасының «102» нөміріне қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс адам «жер алып беремін» деп 5 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен қалтаға басқанын айтқан.
Осы жайттан кейін ПД Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдікті ретінде Атырау қаласының 1985 ж.т тұрғыны анықтап,ұстады. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде-деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.