CaspianLife, 15 желтоқсан – Атыраулық полиция инспекторлары қиын өмірлік жағдайларына байланысты жылу трассалары, жертөлелер мен қараусыз қалған саяжайларды мекендеп жүрген адамдарды іздеп, рейд жүргізді.
Осындай рейдтік іс-шаралардың бірін өткізу кезінде №2 учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері Махамбет көшесінде орналасқан кәріз құдығының ішінен тұрғылықты мекен-жайы жоқ 1971 ж.т., азаматты анықтаса, №4 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары Лесхоз мөлтек ауданында орналасқан үйлердің бірінің жертөлесінен тұрғылықты мекен-жайы жоқ 1968 ж.т., азаматты анықтап, оларды Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырды.
Аталған азаматтар баратын жерлері болмағандықтан жылы жерлерді пана етіп жүргендіктерін айтқан.
Айта кетейік, жыл басынан бері учаскелік полиция қызметкерлерімен қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекен-жайы жоқ 120-ға жуық тұлға жеткізілген.