CaspianLife, 24 қараша – Биыл облыста тіркелген жол жабындысы сапасын бұзу деректерінің 207-і республикалық, 65-і жергілікті маңызы бар жолдан анықталыпты. Солардың бірі Қызылқоға ауданындағы Жамансор ауылында. Мұндағы жол төсеу жұмыстары қазір түгелдей тоқтаған.
Жамансор ауылдық кірме жолдары мердігер мекеменің асфальт төсемесін төсеу кезінде технологиялық ақаулықтар анықталды. Қазіргі таңда ол ақаулықтар қалпына келтірілу жұмысары толықтай біткен жоқ. Мердігер мекеменің тапсырыс берушімен келісімшарттарына сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Ол мекеме енді құрылыс мерзімдерінің қолайлы кезінде қалпына келтіру жөнінде ескертіліп отыр, — «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК АОФ директоры Бекбол Мұқашев.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мекемесінің Атыраудағы мамандары қараша айынан бастап жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарға 875 рет сынама жасап, олардың сапасын тексеріпті. Табылған кемшіліктер үшін екі техникалық қадағалау ұйымына екі жарым миллион теңгеден астам айыппұл салынған.
Жыл басынан бері жол құрылысына материалдардан 1166-сынан алынды. Республикалық арнайы зертханалық сынақтардан өткіздік. Республикалық маңызды жолдардан алынған сынамалардың он бесі ҚР стандартына сәйкес келмеді. Ал жергілікті маңызы бар жолдардан алынған сынамалардың 105 материалы ҚР стандарттарына сәйкес келген жоқ. Яғни жаңағы сынақтан өтпей қалды, — деп жауап берді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК АОФ сарапшысы Жанар Сағынғалиева.
Жаңадан төселіп немесе жөндеуден өткізіліп жатқан жолдар құрылысының аяқталмай қалуына пандемия, жұмысшылардың және техниканың тапшылығы әсер еткен дейді мамандар. Сондай ақ жергілікті бюджеттен қажетті қаражатты бөлу жағынан да мәселелер баршылық.
Фото: vmulder.lifejournal.com