CaspianLife,16 қараша – 12 қараша күні 15-16 жасар екі жасөспірім қаладағы жылы аялдамалардың бірінде әлеуметтік желідегі парақшаларының сілтемесін жазып, қоғамдық орынды бүлдірген еді.
Полицейлер жасөспірімдердің жеке бастарын анықтап, ата-аналарының қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық кодексінің 448-бабына сәйкес хаттама толтырылып, Атырау облысының жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.