CaspianLife,12 қараша – Заңсыз балық «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған.
11 қараша күні сағат 08:50 шамасында Атырау облысы Полиция департаменті Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мен ПД жанындағы патрульдік полиция ротасы саптық бөліністің қызмет инспекторлары Ақтөбе-Астрахань тас жолының 616 шақырымында маркасы «Лада Гранта» автокөлігін тексеру кезінде жүк салғышынан 3 дана шамамен 50-60 келі көлеміндегі ақ түсті
қаптарға салынған бекіре тұқымдас балықтарын анықтап, тәркіледі.
Аталғын қылмысқа күдікті көлік жүргізушісі 1984ж.т., Исатай ауданының тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.