CaspianLife, 16 қыркүйек — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 22 сынып карантинге жіберіліп, 11 бала стационарда жатыр.
Бұл ретте карантинге жабылған мектептер жоқ. Коронавирус ауруы анықталған сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға жіберіліпті.
«Балалар жазғы демалыс кезінде, үйде тығыз тұрмыстық қарым-қатынаста болып, ауырып қалды. Коронавирус инфекциясы бар науқастар анықталған барлық сынып аудандардың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 14 күнге карантинге жабылды», — деді өңірдің бас санитарлық дәрігері Ғазиз Надуев.
Маңғыстау облысы бүгінде «қызыл аймақта» тұр. Өткен тәулікте өңірде коронавирус ауруының 57 жағдайы анықталды.