CaspianLife, 20 тамыз — Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарына қатысу үшін Токиоға аттанды. Оның құрамында 26 атлет бар. Олар спорттың жеті түрінен ел намысын қорғамақ.
Кетпес бұрын барлық спортшы Алматы мен Алматы облысында екі апталық карантин мен жиыннан өтті.
«Бүгін, 20 тамызда Алматыдан Токиоға Boeing 767 әуе лайнерімен Қазақстанның Паралимпиадалық құрамасы ұшып кетті. Ұшақ бортында Токио – 2020 жазғы Паралимпиада ойындарында өнер көрсетіп, еліміздің намысын спорттың жеті түрінен қорғайтын 26 спортшы болды», – деп хабарлады Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары 2021 жылдың 24 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында өтеді. Биыл жарысқа алғаш рет 20-дан астам қазақстандық қатыспақ.