CaspianLife, 10 тамыз — Air Astana әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайына қонды. Бейжіңнен Қазақстанға қытайлық Sinopharm компаниясы әзірлеген Vero Cell вакцинасының бірінші жартысы келді. Бір миллион дозаны екі рейспен жеткізу «СК-Фармация» ЖШС тапсырысы бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды авиакомпанияның баспасөз қызметі.
Препараты бар алғашқы рейс бүгін сағат 12:30-да Алматыға келді. Екінші рейс 11 тамызда сағат 13:20-да келеді деп күтілуде. Жалпы салмағы 20 тонна вакцинасы бар жүк термоконтейнерлерде 2°С-тан 8°с-қа дейінгі диапазонда температуралық режимді сақтай отырып тасымалданады, ол 72 сағатқа дейін логистикаға мүмкіндік береді.
«Air Astana қазақстандықтарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың үлкен таңдауымен қамтамасыз етуге ұмтылып Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтасады. Біз жаппай вакцинациялаудың арқасында Қазақстан жақын арада ұжымдық иммунитетке жетеді деп үміттенеміз, бұл елдегі ауру жұқтырудың деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі», – деді Air Astana жүк тасымалының басқарушы директоры Жанна Шаяхметова.
Осы жылдың 7 мамырында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы препаратты төтенше жағдайларда қолдануға арналған құралдар тізіліміне (EUL) енгізген болатын.