CaspianLife, 13 шілде — ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған коронавирустық инфекциямен күрес мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысты болды.
Вице-премьер мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде мынадай тапсырмалар берді:
— коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау стратегиясын әзірлеу;
— ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакцинация жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарап, белгілеу;
— «Pfizer» компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізуге келісім-шарт жасасуды қамтамасыз ету;
— ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін міндетті вакцинациялауға жататын қоғам салаларын анықтау.;
— ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакцинациялаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау;
— ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін «Ashyq» секілді цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу;
— эпидемиологиялық жағдайға қарамастан қызметтегі медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандыру ережелерін әзірлеу және бекіту;
— жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі түрін жаңарту кезінде педагогтар мен оқушылар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия қызыл аймақтағы аймақтарда карантиндік шектеулерді күшейту, атап айтқанда, тоқтата тұру бойынша төмендегідей тыйым салу шараларын қабылдады:
— «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдарына;
— жабық жағажайлар мен су парктерінің қызметіне.
Демалыс және мереке күндері төмендегі қызмет түрлеріне тыйым салу:
— қоғамдық көлік;
— «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;
— «Ashyq»жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер;
— «Ashyq» жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармониялар, компьютерлік клубтар, боулингтер, бильярд, караоке, көрмелер;
— «Ashyq» жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2 мың м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілерді;
— «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектебі, спорт клубтары, жаттығу залдары);
— білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары;
— «Ashyq» жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорт.
Жұмыс күндері қызметті шектеу:
— «Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер, сағат 20-00-ге дейін;
— ОСО, сауда үйлері, сауда желілері «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін;
— «Ashyq» жобасына қатысатын тамақтану объектілері 20:00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорт 18:00-ге дейін.
Соңында вице-премьер мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялаумен қамтуды арттыруды нақты тапсырма етіп берді.